
Бүгін “6 шілде еліміздің бас қаласы – Астана күніне” орай Сарыағаш ауданында кең ауқымды мерекелік шара ұйымдастырылды. Орталық саябақта өткен “Жайнай бер,гүлдей бер Астана” атты мерекелік шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, жиналған жұртшылықты Астана күнімен құттықтады.
-Елордамыз – тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің мақтанышы. Бұл күн – әр қазақстандықтың жүрегіне жақын мереке. Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! – деді Арман Абдуллаев.
Жергілікті өнер ұжымдары мен жас өнерпаздар сахнада өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің сәнін келтірді. Мерекелік шара аудан тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, елорданың рухын сезінуге мүмкіндік берді.