8 қазан күні Шымкент қаласында ерекше жастар арасында үстел теннисінен «Шексіз мүмкіндіктер» спорттық турнирі ұйымдастырылады.
Жарыс барысында қатысушылар жылдамдық пен дәлдікті, ептілік пен табандылықты қатар талап ететін үстел теннисінен өзара бақ сынайды. Турнир жастардың спорттық қабілетін шыңдап қана қоймай, өз күшіне деген сенімін арттырып, жаңа ортада тәжірибе жинақтауына мүмкіндік береді.
Спорттық додада әр қатысушы өз мүмкіндігін көрсетіп, үздік нәтиже үшін таласады. Сонымен қатар, шара жастардың бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынас орнатуына ықпал етпек.
Турнир 8 қазан күні сағат 10:00-де облыстық кәсіподақтар үйінің үстел теннисі залында өтеді.
Жарыс қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады. Сондай-ақ белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
«Шексіз мүмкіндіктер» – өз күшіңе сеніп, жаңа белестерге ұмтылуға мүмкіндік беретін спорттық дода.
