8 қазан күні сағат 10:00-де Шымкент қаласындағы арнайы кітапхана залында ерекше жастар арасында «Шексіз мүмкіндіктер» атты шахмат және тоғызқұмалақтан спорттық турнир өтеді.
Іс-шараның мақсаты – ерекше жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, олардың интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау. Турнир барысында қатысушылардың логикалық ойлау қабілеті, дәл есептеуі, стратегиялық шешім қабылдауы және сабырлылығы сынға түседі.
Шахмат пен тоғызқұмалақтан өтетін тартысты додада қатысушылар өзара бақ сынап, өз шеберліктерін көрсетеді. Әрбір жүріс пен қабылданған шешім ойын барысына әсер етіп, жеңіске жету жолындағы маңызды қадам болмақ.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталып, үздік қатысушылар алғыс хаттармен марапатталады.
