«Мандатқа ие бола қалса, керемет депутат бола қалам деп ойлай ма? Әй, қайдам. Елге қызмет ететін адам тыныштық сақтап қызмет етеді.

Мен сияқты сатқындықпен күресіп, әсіре демократтардан халықты сақтандырып, мемлекеттің тұтастығын ойлаудың орнына, халықтың құлағын көтеруге «Құдайдан қорқып, пендеден ұялса» игі еді. Өз арттарын шұқыласа, ештеңе шықпайтындай әулие болмасыншы. Бәрібір бір иттер үрді екен деп көш тоқтап қалмайды. Қай ит жүйткіген көліктің соңына дейін жүгіріп, мәреге жетіп еді. Өкпесі өшіп жарым жолда қалатындықтан «ит үреді керуен көшеді» деген ғой, қазақ.

Күнде былшылдай бергеннен сөздің дәмі, өзінің қадірін кетіріп бітеді. Көшеден қосылған блогерлер журналистердің атын жамылып, зиялы БАҚтың атына зиянын тигізіп бітті ғой, әрқайсысы әр жақтан беталды шәуілдеп.

Ұлт зиялылары ұлтқа білімі мен ерен еңбегімен қызмет етіп өткен. Төменде аты аталған азаматтар да, өзге де бетке ұстар мықты азаматтар да елге ерен еңбек сіңіріп, ел дамуына үлес қосып жүр ғой. Балақтан тартып, шаужайына жармасқан заржақ блогерлер сықылды ерігетін уақыттары да жоқ.

Елге тыныштық керек кезде, отқа май құймай тыныштық тапсын! Оларсыз да елді жамандап, Қазақстанның жақсылығын асырудың орнына басына жамандық шақырып жүргендер жетеді. Көксегендері не өзі? Заказ түсіпті деп жыланып жүргендердің өздері кімнің заказын орындап жатыр екен?

Елге еңбек сіңіріп, сатқындықпен күреспеген соң, өздерінің әрекеттерін ерлікке баламай-ақ қойсыншы, а, маскасы да, басқасы да, блогерлердің!»

 

Автор: Журналист Мөлдір Нұрман

 

https://www.facebook.com/share/v/18aW3sCVbC/

https://www.facebook.com/share/v/18aW3sCVbC/