Биыл ұлы ақын Абайдың туғанына 180 жыл тол! Осыған орай елімізде түрлі жобалар қолға алынған. Түркістан облысындағы тіл орталықтарында да бұл бағытта іс-шаралар өткізіліп келеді.
Мақтааралда жастардың рухани дамуына, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды мәдени іс-шара «Абай сөзі – жүрекке тағзым» атты көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы ұйымдастырылды. Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен де өтті.
Мұндай іс-шараның басты мақсаты – жастардың бойында отансүйгіштік, адалдық пен сенімділік қасиеттерін қалыптастыру, Абай шығармашылығына деген қызығушылықты ояту, көркем сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сайыс үш кезең бойынша өтті. Қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерін мәнерлеп оқу арқылы өз өнерлерін ортаға салып, сахнада шеберлік пен әсерлі орындау жағынан сынға түсті.
Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарға шығармашылық табыс, алдағы уақытта да өнер жолында биіктерді бағындыруларына тілектер айтылды.