
Жеңіс Қарғабаев 1945 жылы 9 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Қарағұр ауылы Шаға елді мекенінде өмірге келген. Қызылорда қаласындағы И.В.Гоголь атындағы мемлекеттік педагогика институтын 1967 жылы «ағылшын, неміс тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп келіп, Созақ ауданында мектептерде неміс, ағылшын тілдерінен сабақ береді. 1973 жылы 24 мамырда 28 жасында көлік апатынан қайтыс болды.
Ақынның 1996 жылы «Ақиық» атты кітабы жарық көрген. Бұдан кейін 2016 жылы ақынның өлеңдері мен әріптес-замандас, көзкөргендердің, шәкірттерінің естеліктері топтастырылған «Шынар» атты кітап басылып шықты. Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған ауылында Ж.Қарғабаев атында көше бар.
«…Қасиетті Созақ өңірінде қазақ халқының маңдайына біткен шоқ жұлдыздар шоғырын жеке-жеке айтып, талдап, тарамдап тауыса алмайсың. Солардың бірі – 28 жыл өмірді көрген ақын Жеңіс Қарғабаев еді.