
Бүгін Түлкібас ауданы, Балықты ауылдық мәдениет үйінде «Қазақ поэзиясының Хан тәңірі» атты Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығымен танысу сазды кеші болып өтті. Кешке жыр сүйер қауым қатысып Мұқағали өлеңдерін жатқа айтып, Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер орындалды.
Кеш қонағы Балықты ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшесі, ақын, «Әке сыры» кітабының авторы Имашев Тілеуберді ағамыз Мұқағалидың шығармашылығына тоқтала отырып, Мұқағалиға арнаған өлеңін оқып берді.
Кеш қонағы Балықты ауылдық кітапхана меңгерушісі Есіркепова Ханымша апайымыз Мұқағали жырларын оқып,мағынасына тоқталып өтті.
Кеште Балықты ауылдық мәдениет үйі Драма үйірмесінің мүшелері: Алмасбек Аяулым, Мухлусов Кемаль, Мұратқызы Дарияна, Мықтыбек Назерке Мұқағалидың «Пай пай өмір», «Үш бақытым», «Ғашықпын», «Сені ешкімге бермеймін сұрамасын» өлеңдерін оқып көрерменге тарту етті.
Кеште Мұқағали өлеңдеріне жазылған әндер орындалып, көрерменге әдемі көңіл күй сыйлады.