
ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Бейбітшілік және келісім» жобасына сәйкес, Түркістан облысының этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде семинар өткізу жоспарланған.
Семинар облыстың дін өкілдері және тұрғындар арасында «Қазақстан бірлік пен тұрақтылық мекені», «Қоғамдағы ішкі тұрақтылық, ауызбіршілік, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселесінде діннің алатын орны», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында өткізілуде. Сондай-ақ «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.
Осы орайда, Жетісай ауданында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Ж.Ералиев, Жылы су ауылдық округінің тұрғындары арасындағы кездесулері мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.
Аталған кездесуге Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Жетісай аудандық филиалының басшысы Данияр Мырзамуратов, облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Жетісай ауданына жауапты маманы Әбділкәрім Болат, Жылы су ауылдық округінің әкімі Ермек Дауылбаев, Жетісай және Мақтаарал аудандарының Қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі басшысының орынбасары, майор Ғалымжан Тасболатов, аудандық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Халим Турсунов, ауыл ақсақалдары, этномәдени бірлестік мүшелері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.
Еске сала кетсек, Түркістан облысының этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде ақпараттық-түсіндіру және әлеуметтік зерттеу жұмыстарын іске асыру мақсатында 3-25 ақпан аралығында аудан, қалаларда кездесулер өткізу жоспарланған.