«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясындағы Жетісай ауданының мәдениет күндерін «Керуен сарай» орталығы алаңында аудан өнерпаздарының қатысуымен өткен гала-концерт қорытындылады.

Салтанатты шараны Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков ашып беріп, Түркістан жұртшылығына ізгі тілектерін білдірді.

Мәдени шарада ауданнан шыққан танымал тұлғалардың туындылары мен әсем ән де, күмбірлеген күй де, мың бұралған би де көрініс тапты. Кештің арнайы қонағы, Қазақ эстрадасының жұлдыздары жетісайлық Асан Пердешов пен Жолдасбек Әбдіханов қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жалпы Жетісай ауданының мәдениет күндері екі күнге жоспарланған болатын. Шараның алғашқы күнінде Этноауылда қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптар көрінісі, арқан тарту, қазақша күрес, қошқар көтеру, асық ату, қол күресі мен садақ ату, гіртасын көтеру сынды ұлттық спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырылды.

Ал, екінші күні ауданның шығармашылық өнер мектептері бүлдіршіндерінің концерттік бағдарламасы мен «Асықата» халық театрының театрландырылған көріністері көпшілік назарына ұсынды.

Ұлттық мәдениеттің халықтың бет-бейнесі екендігін паш ете отырып құндылықтарымызды насихаттау, жас таланттарға сахна өнерін игертіп, аға буын өнерпаздардан өнеге алуына жағдай жасау, ата-бабадан мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан мәдениетімізді кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан шараға тек отандастарымыз ғана емес, шеи елдік туристер де жоғары бағасын берді. Өйткені, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен, мәдениет-өнерімен, тарихымен тікелей тамырлас құндылық заманына сай жаңғырып, жаңарып ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан құндылық.

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалінің екінші күнінде «Этноауыл» аймағында Жетісай ауданы шығармашылық өнер мектептері шәкірттерінің «Байтақ елім, Қазақстан!» атты концерттік бағдарламасы мен «Асықата» халық театрының «Салт-дәстүр – салтымыздың салтанаты» атты театрландырылған көрінісі көпшілік назарына ұсынылды.

Ұлттық мәдениеттің халықтың бет-бейнесі екендігін паш ете отырып құндылықтарымызды насихаттау, жас таланттарға сахна өнерін игертіп, аға буын өнерпаздардан өнеге алуына жағдай жасау, ата-бабадан мұра ретінде ұрпақтан ұрпаққа аманат етіліп келе жатқан мәдениетімізді кеңінен насихаттау мақсатында өткізіліп жатқан шарада шығармашылық өнер мектептерінің бүлдіршіндері патриоттық әндерді әуелете шырқап, мың бұрала би биледі. Түркістан аспанын күймен көмкеріп, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.