
5 қыркүйек — Тілдер мерекесіне орай аудандық «Мәдениет үйінде» салтанатты іс-шара өтті.
Арнайы ұйымдастырылған шара кітап, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар көрмесін тамашалаумен басталып, аудандық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен әншілерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
Түрлі тілдегі ұлттық әндер шырқалды.
Жиында Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов пен маслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков мерекелік құттықтау сөз сөйлеп, тіл саясатының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, этнос өкілдері, қоғамдық ұйым жетекшілері, мәдениет және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.