
Кентау қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында «Құқық бұзу-тренд емес» атты тақырыпта кездесу өтті.
Шараға Кентау қаласының прокуратурасының аға прокуроры Абилкасимов Бақберген Дүйсенбекович, Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Таукеева Жанат Пазылбеқызы, Кентау қалалық полиция бөлімінің ЖПҚ УПИ полиция майоры Ахметов Жанболат Саруарұлы және қаланың зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесудің модераторы ретінде Сұлтан Азат жүргізіп отырды.
Алғашқы сөзді Кентау қаласының прокуратурасының аға прокуроры Бақберген Дүйсенбекович жастарға құқық бұзушылықтың салдары мен заңды жауапкершілік туралы атап өтті. Өз кезегінде Аналар кеңесінің мүшесі, кәсіби медиатор Жанат Пазылбеқызы жастарды тәрбиелі, мәдениетті және заңды құрметтейтін тұлға болуға үндеді. Жанболат Саруарұлы өзінің сөз кезеңінде құқық бұзушылықтың түрлері мен оны болдырмау жолдары туралы кеңінен түсіндіріп, нақты мысалдар келтірді.
Сонымен қатар кездесуімізге жасырын кейіпкер келіп, өзінің басынан өткен оқиғалар жайлы айтып өтті, ол жастарды тәртіпті, мәдениетті және заңға бағынушы болуға шақырды.
Кездесу соңында жастар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мамандар тарапынан жан-жақты жауап алды.
Кездесуде айтылған мәселелер, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп пен заңға бағынудың маңыздылығы өзекті болып қалды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, жастарға білім мен ақпараттың жеткізілуі ғана емес, сонымен қатар олардың қоғамда өзін-өзі ұстауы мен моральдық құндылықтарды құрметтеуі қажет. Жастар арасында құқықтық тәрбие беруді күшейту – бүгінгі күннің талабы.
Сонымен қатар, тәртіп пен заңды құрметтеу мәселесі тек құқық қорғау органдарының ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті болуы керек. Қоғамдық ұйымдардың да осы бағытта белсенділігі аса маңызды. Бұл шаралар жастарға тек заңды сақтап қана қоймай, оларды әлеуметтік жауапкершілікке де тәрбиелейді.
