Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың 2025 жылдың екінші жартыжылдықтағы халықпен кездесулері мен жеке қабылдауы Ынтымақ ауылдық округінде өтті.

Аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, аудандық мәслихат депутаттары Олжас Қаныбеков пен Бекет Ділдәбаев, Мұрат Құрбанов, аудан прокурорының орынбасары Ырысбек Намазов пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев, аудандық полиция бөлімінің инспекторлары мен аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары мен тиісті сала мамандары, жергілікті тұрғындар қатысқан жиынды ауданда атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырудан бастаған аудан басшысы Ынтымақ ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне де тоқталды.

Есептік мерзімде округте негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 1 млрд 130 мың теңгені құрап, халыққа қызмет көрсету саласында тіркелген 40 нысанда 87 адам жұмыспен қамтылған. 30 млн 711 мың теңгенің салығы жиналып, жыл басынан бері бюджеттен бөлінген 92 млн 746 мың теңгенің 78 млн 920 теңгесі заңға сәйкес игерілген.

Сонымен қатар, округтегі 952 шаруа қожалығы 6752,1 суармалы жерге мақта, бақша, мал азықтық , көкөніс, жүгері, күріш және картоп дақылдарын еккен. Ірі қара 5199 басты, ұсақ мүйізді мал 9959 басты және жылқы 907 басты құраған.

Кездесу барысында тұрғындардың әлеуметтік және инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты сұрақтарына жауап берген Серік Үсенұлы жеке қабылдау да өткізді. Ауыл азаматтары тарапынан айтылған ұсыныстар мен өтініштер бойынша жауапты сала басшыларына хаттамалық тапсырмалар берді.

Ынтымақ ауылдық округіндегі кездесу аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың халықпен тығыз қарым-қатынас орнатудағы маңызды қадамы болды. Тұрғындар өздерінің мәселелерін еркін әрі ашық түрде жеткізіп, олардың шешілуі үшін тиісті шаралар қабылданатынына сенім білдірді. Қабылданған тапсырмалар мен ұсыныстар негізінде ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуында оң өзгерістер болатыны анық.

Жиын барысында округтің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы көрсеткіштері туралы айтылды, бұл өз кезегінде тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға мүмкіндік береді. Жетісай ауданының әрбір ауылдық округі өзінің даму жолында сенімді қадамдар жасап, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылады.