Аудан орталығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ дүкендер мен сауда орындарында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жұмысшы топ құрамында аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мұрат Сапаров және салаға жауапты бөлім мамандары бар. Тексеріс барысында бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (тазартылған күріш, қарақұмық жармасы, сары май, күнбағыс майы, бірінші сортты бидай ұны) және өзгеде өнімдердің бағалары тексерілді.

Сонымен қатар, қой еті мен жылқы етінің бөлшек саудадағы бағасы да назарға алынды. Бұдан бөлек, аудан орталығындағы жанар-жағармай және автогаз құю бекеттеріндегі баға деңгейіне де бақылау жүргізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отын бағасының тұрақтылығын сақтау бағытында тиісті шаралар жалғасады.

Мониторингтің нәтижелері бойынша анықталған мәселелер мен ұсыныстар аудан әкімдігіне және тиісті қызметтерге жеткізіліп, бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында жедел шаралар қабылданады. Аудан тұрғындарының тұрмысын жеңілдету үшін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қолжетімді бағасын қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі болып қала береді.