
Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Сайрам ауданында «Гарабах» Әзірбайжан этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Алтын көпір» атты мерекелік іс-шарасы өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Мадияр Алипов пен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева арнайы қатысып, көпшілікті мерекемен құттықтады.
— Достық – бейбіт өміріміздің ажырамас бөлігі. Қазақстанның әрбір азаматы үшін бірлік – басты құндылық. Бірлігіміз жарасқан елде болашағымыз жарқын болатыны сөзсіз. Халқымыз үшін береке-бірліктің маңызы қашанда зор, бірлігіміз арта берсін, — деді аудан әкімінің орынбасары Мадияр Алипов.
Шараның ашылуы барысында қонақтар әзірбайжан халқының мәдениеті мен дәстүрлеріне арналған көрмелермен танысып, қолөнер бұйымдарын көруге мүмкіндік алды. Концерттік бағдарламада әзірбайжан және қазақ мәдениетінің танымал әндері шырқалды.
Мерекелік шараға хазушы-публицист, Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, Рессейдің Халықаралық экология ғылымдары және биоресурстар академиясының корреспондент-мүшесі, Халықаралық «Azerbaycan Dynyasi» журналының өкілі Кенжина Насиха Ғұмарқызы қатысып, ізгі тілегін білдірді.