Шардара ауданының мәдениет сарайында қазақ поэзиясының мұзбалағы, ақын Мұқағали Мақатаевты бүгінгі жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау мақсатында Шардара ауданының 60 жылдығына орай «Мұқым елдің Мұзбалағы» атты балалар арасында аудандық көркемсөз шеберлері байқауы өтті. Байқауға қазылық жасаған алқасының құрамы, Әнуар Карима Тойшыбекқызы — Шардара аудандық мәдениет,тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы,қазылар алқасының төрайымы Койлиева Улжан Уалханқызы- Шардара аудандық мәдениет сарайы директорының міндетін атқарушы, қазылар алқасының мүшесі. Үмбет Сапаркүл Молданқызы — Шардара халық театрының әртісі, қазылар алқасының мүшесі, қатысушылардың өнерін сараптап төмендегіше жүлделі орындарды бекітті.

Бас жүлде Шардара қаласынан Алмасұлы Ақылжан, Ⅰ орынмен — Достық ауылынан Сайпил Балнұр Асетқызы, Ⅱ орынмен Ұзын – ата ауылынан Тасболат Берік, Ⅲ орынмен Пайызхан Мұхтархан, Қызылқұм ауылынан Нұрбекқызы Аяулым. Ынталандыру жүлдесімен Қ.Тұрысбеков ауылынан Оңғарбек Тұрғанай, Сүткент ауылынан Бакир Мерей, Алатау батыр ауылынан Кенжебаева Әсем Қайнарқызы, Көксу ауылынан Құрбан Ақнұр Сәкенқызы, Қоссейіт ауылынан Дүкенбай Аянат, қатысқаны үшін арнайы жүлдесімен Шардара қаласынан Елубай Ұлту, Қоссейіт ауылынан Сәрсенбай Ақниет, Ақалтын ауылынан Темірбек Інжу, Жаушықұм ауылынан Ділдәбек Нұрмұхамед, Шардара қаласынан Қурманали Қарақат, Шардара қаласынан Қаппар Олжас Сәбитұлы, Шардара қаласынан Жамантай Бағлан Мұратұлы марапатталды.

Қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар марапатталды.