Ордабасы аудандық мәдениет үйінің бастамасымен қаңтар айында бастау алған Абай Құнанбаевтың 180 жылдығы, Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы және де Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай «Жұлдызды сәт 2025» аудандық ән байқауы ұйымдастырылды.

Ауыл округтерінен аймақтық байқаудан іріктеліп аудандық байқауға 26 үміткер қатысты. Үміткерлер арасынан ең үздік өнер көрсеткен Шұбарсу ауылынан қатысқан Орынбек Абдуазиз жүлделі I-орынмен оралды.Басты сыйлық теледидар!

Басқа байқауға қатысушы оқушылар ll,lll орындармен және алғыс хат пен сыйлықтармен марапатталды!

Жас өнерпаздарға өнерлерің өрге жүзе берсін, алар асуларың биік болсын деген тілек білдіреміз!