Жетісай аудандық мәдениет үйінде Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 36 жыл толуына орай соғыста ерлікпен қаза тапқан боздақтарды еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді ардақтауға арналған “Ерлік — елдің мақтанышы” атты іс-шара болып өтті.

Жылдар жылжып өткенімен, ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлеріміздің ерлігі ел есінде. Ауған ардагерлерінің өжеттігін үлгі ету, ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым ету, есімдерін қастерлеу, әрбіріміздің асыл борышымыз.

Аталмыш іс-шараға Ауғанстан соғысы ардагерлері Дүйсебаев Жора және ардагерлер кеңесінің төрағасы Маханбетов Айтбай ағаларымыз, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қайназаров Асқар Нұртайұлы арнайы қатысты.

Сонымен қатар, Жетісай аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, ардагерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.