Бүгін Ақбастау ауылдық мәдениет үйінде «Тарихыңды таны — тұлғаңды құрметте» атты акция ұйымдастырылды.
Іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев ашып, іс-шараға қатысушыларға ізгі тілегін жеткізді.
Акцияға Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі мекемесінің директоры Райымбай Айтубай бастаған зиялы қауым өкілдері, жазушы, әлем халықтары жазушылар одағының мүшесі Нұрғали Рахаев, «Атамұра» республикалық қоғамдық және жергілікті қоғамдық бірлестік мүшелері мен Қазығұрт ауданының кітапханашылары қатысты. Қонақтарға Ақбастау мәдениет үйінде «Аппақ Ишан» мұражайының құнды жәдігерлері мен жас суретші Ясауидин Утелбаевтың туындылары таныстырылды.
Іс-шара Қазақстан журналистер одағының мүшесі, жазушы Абзал Әділбеков, жас суретші Ясауидин Утелбаев, қазақ күресінен әлем чемпионы Қасымхан Туленбаев және бірнеше эстрадалық әндердің авторы, жас ақын Дәулет Дарханның әдеби-сазды сұхбат кешімен жалғасты.
Шарада Ақбастау ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, әдемі ән мен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.