Түркістан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасында Республикалық «Түркістан мақамдары» дәстүрлі ән орындаушылар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты — ұлттық тәрбиені, халықтық өнер мен тіл мәдениетін насихаттау, ұлттық дәстүрді дәріптеу, сондай-ақ өскелең ұрпаққа рухани құндылықтарды сіңіріп, оңтүстік өңірінің дәстүрлі ән-терме мектебін жаңғырту.

Жарысқа еліміздің әр аймағынан келген дәстүрлі әншілер мен термешілер өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Қатысушылар байқау талаптарына сәйкес оңтүстік өңірінің дәстүрлі әндері мен халық композиторларының шығармаларын орындады. Байқау қорытындысымен бас жүлдені Мадияр Өмірғалы жеңіп алса, І орынды Абугали Ибраев иемденді. Ал, ІІ орын Арайлым Жанатова мен Жұлдызай Тұрғанбекке бұйырды. Содай-ақ, үшінші орынды Айдос Оңғарбай, Аяжан Ақиева және Гүлбағым Қайыржанова еншіледі. Жеңімпаздар мен қатысушыларға арнайы жүлделер мен дипломдар табысталды.

«Түркістан мақамдары» байқауының өткізілуі ұлттық мәдениет пен өнердің өркендеуіне үлкен ықпал етуде. Мұндай байқауларды ұйымдастыру арқылы Қазақстанның дәстүрлі музыкасы мен халық өнерін жаңғыртуға әрі жастар арасында ұлттық мәдениетке деген қызығушылықты арттыруға мүмкіндік туады. Байқауға қатысушылардың жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, өз өнерлерін паш етуі қазақтың музыкалық мұрасын насихаттаудың тамаша үлгісі болып табылады. Бұл байқау қазақтың терме мен ән өнерінің тамырын сақтап қана қоймай, оны болашақ ұрпаққа жеткізу жолында маңызды қадам болып табылады.

Байқау қорытындысында жеңімпаз атанғандар, өздерінің кәсіби шеберліктері мен ұлттық өнерді дәріптейтін шығармаларымен танылды. Мадияр Өмірғалының бас жүлде жеңіп алуы оның таланты мен халық әндерін терең меңгергенін көрсетеді. Ал Абугали Ибраевтің I орынды иемденуі оның дәстүрлі музыкаға деген адалдығы мен орындаушылық шеберлігін дәлелдейді. Сонымен қатар, Арайлым Жанатова мен Жұлдызай Тұрғанбек сияқты жас таланттардың да өнер көрсетуі, ұлттық дәстүрді жаңғыртудағы жас буынның маңыздылығын айқындайды. Осылайша, «Түркістан мақамдары» байқауы тек өнер бәсекесі ғана емес, ол ұлттық құндылықтарды насихаттаудың, жас таланттарды қолдаудың әрі олардың шығармашылығын ел ішінде таныту мүмкіндігі болып табылады.