Бүгін Бәйдібек ауданы әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылыс барысын аралады.

Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталған. Мектептің ішкі жұмыстары аяқталып, қажетті техникалық заттармен қамтамасыз етілген.

Аралау барысында бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, құрылыс алаңындағы жұмысшы санын арттыру, абаттандыру жұмыстарын жеделдету және құрлыс жұмыстарының уақытынан кешіктірілуі бойынша ескертпелер айтылды.

Құрылыс жұмыстарының аяқталуы аудан тұрғындары үшін үлкен қуаныш болып отыр. Мектептің жаңа ғимаратының сапасы мен заманауи жабдықталуы білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Жаңа мектептің ашылуы – бұл тек оқушылар үшін ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналар үшін де маңызды оқиға.

Оқушыларға қолайлы білім беру ортасын қамтамасыз ету мақсатында абаттандыру жұмыстарының және техникалық құралдардың сапалы болуы аса маңызды. Алдағы уақытта мектептің ашылуына дайындық жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп, оқу процесінің тиімділігі мен жайлылығы қамтамасыз етіледі.