Келес ауданы, Абай ауылында өндірістік парк құру жұмыстары басталды. Атқарылған жұмыстар ауданның өндірістік әлеуетін дамытуға бағытталған. Келес ауданы әкімінің орынбасары Сүлеймен Жылқыбаевтың сөзінше, Абай ауылында өндірістік парк құру – ауданның экономикалық дамуына тың серпін береді.

Бүгінде ЖК «Керуен» аукцион арқылы 2 гектар жер телімін сатып алып, жер бедерін тегістеу жұмыстары толық аяқталған. Жалпы 20 гектар жер телімін аукционға шығару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өндірістік ғимараттар салуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге 9 гектар жер телімінің 1 гектардан бөлініп, ұсынылуда. Бұл жоба Абай ауылын жаңа индустриялық өңірге айналдырып, аудан экономикасына жан-жақты пайда әкелмек.

Келес ауданында өндірістік парк құрылысын бастау — ауданның экономикалық дамуына үлкен серпін беріп, кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Абай ауылында жүргізіліп жатқан жұмыстар нәтижесінде өндірістік инфрақұрылым дамып, жер телімдері кәсіпкерлерге қолжетімді болуда. Бұл жоба арқылы ауданның индустриялық әлеуеті артып, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары пайда болады деп күтілуде. Осындай бастамалар өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға және инвесторларды тартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.