
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданына қарасты Қабланбек ауылдық округі аумағында қуаттылығы 5 МВт шағын электр станциясы жобасы жүзеге асырылуда. Аталған жобаны «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі қолға алған.
Бүгінгі таңда жобаны іске асыру үшін құжаттар рәсімделіп, құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі басталып кетті. Нақтырақ айтқанда, нысанға апаратын жол мен көпір құрылысы жүргізілуде.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев нысанның құрылыс барысымен танысып, жобаның сапалы әрі уақытылы іске асырылуы басты назарда екені атап өтті. Аудан әкімі «Ынтымақ» АӨК өкілдерімен кездесіп, алдағы жоспар мен жобаның іске асу кезеңдерін талқылады.
Айта кетейік, аталған жоба іске қосылғанда өңірдегі электр энергиясына деген сұранысты қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының Қабланбек ауылдық округінде қуаттылығы жоғары шағын электр станциясының құрылысы басталды. Бұл жоба «Ынтымақ» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі тарапынан жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңі, яғни нысанға апаратын жол мен көпір құрылысы басталып, жоба толық іске қосуға дайындық жасалуда.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев нысанның құрылыс барысымен танысып, жұмыстың сапалы әрі уақытында аяқталуына басты назар аударылуы керектігін атап өтті. Жоба іске асқанда, Сарыағаш ауданындағы электр энергиясы қажеттілігі толық қамтамасыз етілмек.
