
Түркістан қаласында 18 жылу қазандығы жұмыс істейді. Оның 12-сі жыл бойы үздіксіз ыстық сумен қамтамасыз ететін орталық жүйеге қосылған.
Қаладағы 1 және 2 мөлтек аудандарында 75 көпқабатты тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылып, қысқы маусымға толық дайын. Сонымен қатар 97 әлеуметтік нысанда дайындық жұмыстары жүргізілген.
Жалпы, Түркістан қаласы табиғи газбен толық қамтылған. Қазіргі таңда 45 614 абонент жүйеге қосылған. Оның ішінде, 77 мектеп, 141 балабақша үздіксіз газбен қамтамасыз етіледі. Жыл басынан бері жауапты мамандар тарапынан 31 мыңнан астам абонент тексерілді. Нәтижесінде, 8 458 жағдайда кемшіліктер анықталып, тиісті ескертпелер берілген. Сонымен қатар 120 тұрғын үйге газ анықтағыш құрылғы (газосигнализатор) орнатылып, қауіпсіздік деңгейі артты.
Жергілікті әкімдік тарапынан жылу нысандарының дайындығы тұрақты бақылауда. Түркістан қаласы алдағы қыс маусымын тұрақты әрі қауіпсіз өткізуге толық дайын.
Қаладағы жылу жүйелерінің толықтай дайындығы қыс мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен ықпал етеді. Барлық маңызды әлеуметтік нысандар мен көпқабатты тұрғын үйлердің жылу жүйесіне қосылуы қысқы маусымға жоғары дайындық деңгейін көрсетеді.
Сонымен қатар, табиғи газдың толық таралуы мен газосигнализаторлардың орнатылуы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған маңызды шаралар болып табылады. Бұл жұмыстар алдағы қыста тұрғындар үшін жылы әрі қауіпсіз жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
