
Түркістан қаласында тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында заман талабына сай аялдамалар саны артып келеді. Шаһар әкімдігінің “Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі” мемлекеттік мекемесінің басшысы Ұлан Жамбылұлының мәліметінше, қала аумағында барлығы 610 аялдама орнатылған. Оның ішінде 55-і – жабық аялдама тұрғындардың ыңғайлылығы мен ауа райынан қорғануы үшін салынған.
Сонымен қатар, қалада 4 «Smart» аялдама жұмыс істейді. Олар заманауи үлгіде жабдықталып, ақпараттық LED-экранмен, бейнебақылау камерасымен және Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілген. «Smart» аялдамалар «Аққу» ықшамауданында, Медициналық колледж маңында, Саттарханов даңғылы, 11-көшеде орналасқан.
Қала әкімдігі алдағы уақытта тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында аялдамаларды жаңарту және жаңа смарт үлгілерін орнату жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастыруды жоспарлап отыр.
Түркістан қаласында қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру және тұрғындарға жайлы жағдай жасау мақсатында инфрақұрылымдық жобалар қарқынды түрде іске асырылуда. Жаңа заманауи жабық аялдамалар мен «Smart» аялдамалар қала көшелерін сәндеумен қатар, тұрғындардың көлік күту кезінде жайлылығын арттырып, ақпарат алу мүмкіндігін жеңілдетеді. Бұл шаралар шаһардың дамуына, тұрғындардың өмір сапасының жақсаруына зор ықпалын тигізіп, қазіргі заман талабына сай қала құру бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Қала әкімдігі жаңа жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыра отырып, тұрғындардың қажеттіліктеріне сай инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жұмыстарын жалғастырып келеді. Әрбір жаңартылған аялдама мен жаңа технологияларды енгізу – Түркістанның заманауи қалаға айналу жолындағы маңызды қадамдардың бірі.
