
Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді. Бірегей экспонат 30-дан астам түркі халықтарының ою-өрнектерімен безендірілген. Әйелдерге арналған ұлттық бас киімнің биіктігі 5 метрден асады, ал жабуы 600 метр. Сонымен қатар, сәукеле халықаралық «Global Book of Records» рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат табысталды.
Тарихи сәтте Түркістанға Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов арнайы еліп, сәукеленің рекордтық мәртебесін ресми түрде жариялады. Ол әлемде мұндай үлкен бас киімді ешкім жасамағанын атап өтіп, жобаны Гиннестің үшінші әлемдік рекордтар кітабына енгізу үшін тіркеу басталғандығын айтты.
Жоба авторы Ақмарал Дауылбаеваның айтуынша, ұлттық бас киім — бұл киімнің элементі ғана емес, халық бірлігі мен рухани сабақтастықтың айнасы.
«Сәукелеміздің биіктігі көкпен таласып, шыңмен тіресіп тұрсын дедік. Сондықтан оны 5 метр 20 сантиметр етіп жасадық. Ал, ою-өрнегін терең мағынамен көмкеруді жөн көріп, сәукеленің кейпінен Жер ананың бейнесін жасадық. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен Ана — өмірдің мәңгілігін, тіршіліктің түп-тамырын білдіреді. Сол себепті оюын өмір ағашы бейнесінде өрнектедік»,- деді жоба авторы.
Бұл сәукеле тек сәндік бас киім емес, ол қазақ халқының мәдениетіне деген ерекше құрмет пен терең байланысты көрсетеді. Жер Ана мен өмір ағашы бейнесі арқылы оны тек тарихтың сақтаушысы ғана емес, ұрпақтар арасындағы сабақтастықтың символы ретінде қарастыруға болады. 5 метрден асатын биіктігі мен 600 метр жабуымен бұл сәукеле әлемдік деңгейде ұлттық мәдениеттің бірегейлігін көрсету тұрғысынан маңызды. Түркістандағы бұл жоба арқылы қазақ ұлттық өнерінің әлемдік аренада танытуына үлкен мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, Гиннестің рекордтар кітабына енгізу жоспарлары болашақта бұл жобаның халықаралық деңгейде мойындалуына себепші болады. Бұл жетістік еліміздің мәдени мұрасын сақтау мен дәріптеу жолында тағы бір қадам ілгерілеу екенін көрсетеді.
Бұл жобаның жүзеге асуы қазақ халқының дәстүрі мен мәдениетінің терең тамырларын паш етеді. Түркістанда тігілген сәукеле тек ұлттық өнердің жетістігі ғана емес, ол қазақ қолөнерінің шеберлігін әлемге танытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Мұндай ірі жобалар еліміздің мәдениетінің ерекшеліктерін сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуде үлкен рөл атқарады. Әрбір осындай іс-шара ұлттық бірлікті нығайтып, ұлтымыздың бай мұрасын әлемдік сахнада танытуға мүмкіндік береді.
