
Республикалық “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Шардара ауданында өткізілген сенбілікке 3957 адам қатысып, 997 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шара аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың қатысуымен бастау алып, оны аудан ардагерлері мен әлем чемпиондары және еріктілер жалғастырды.
Акция барысында Шардара қаласының 2 мөлтек ауданындағы осыған дейін бей-берекет қоқыс тасталып, полигонға айналған аумақ демеушілердің қолдауымен абаттандырылып, “Еңбешілер” саябағына айналды. Шара барысында елді-мекендерді жергілікті ағаш көшеттерімен қамтамасыз ету мақсатын тұқымбақ ашылды. Бұл бастама табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және тұрғындар үшін қолайлы демалыс аймағын жасау бағытындағы маңызды қадам болды.
Сондай-ақ акция аясында “Шардара шаруашылық қызметі” мекемесіне қала мен ауылдық округтер аумағын жүйелі тазарту мақсатында 15 арнайы техника табысталып, бұл шара тазалықпен айналысушы азаматтарға құрмет көрсетуге ұласты.
