Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бәріміз үшін маңызды. Қоршаған орта таза болса, қоғам тазарады. Ағаш егіп, айналаны таза ұстау әрбір тұрғынның міндеті болуы керек. Бүгінгі экологиялық іс-шараде белсенділік танытқан ардагерлерге, жастарға, тазалық мекемесінің қызметкерлеріне, тұрғындарға алғысымды білдіремін, – деді Нұралхан Көшеров.

«Парасат» саябағында 120 көшет отырғызылып, жасыл желек аумағы ұлғая түсті. Белсенділік танытқан тұрғындардың бірі – Мәдениет қараткері Ұлжан Мұстафаева.

– Бүгін қаладағы ардагерлер мен аға буын өкілдері, аналар алқасының мүшелері осы іс-шараға арнайы келіп тұрмыз. Мақсат – туған қаланы жайқалтуға үлес қосу. Немеремді ертіп келдім. Барша түркістандықтарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына үлес қосуға шақырамын, –дейді ол.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады.

Бұл экологиялық бастама аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға да үлкен үлес қосуда. Түркістан облысының әкімдігі мен жергілікті тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты нығайту, жастарды экологиялық мәдениетке баулу — бұл «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаттарының бірі. Әрбір азаматтың осы шараларға қатысуы қала мен облыстың таза әрі жасыл аумақтарына деген құрметін көрсетеді.

Алдағы уақытта «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасын тауып, Түркістан облысындағы барлық елді мекендерде экологиялық тазалықты сақтауға бағытталған жаңа бастамалар жүзеге асырылатын болады. Әсіресе, жастарды көгалдандыру жұмыстарымен таныстыру және оларды осы бағытта белсенді қатысуға ынталандыру маңызды қадам болмақ. Осылайша, әрбір азамат өз үлесін қосып, жасыл аймақтардың кеңеюіне ықпал етіп, экологиялық мәдениеттің дамуына жол ашады.