Түркістан облысында әрбір сала бойынша индикаторлар бекітіліп, жоспарлар жасалған. Бұл жоспардың орындалуы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауына алынған. Оның ішінде ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылып отыр. Себебі ол – облыс экономикасының негізгі драйвері.

Жүйелі жұмыстар нәтижесінде жыл басынан 487,7 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 100,1%-ды құрады. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін триллион теңгеден асады деп межеленіп отыр. Өндірілген өнім көлемі бойынша облыс республикада жоғарғы көрсеткішке ие. Нарықты отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2025-2027 жылдары 67 инвестициялық жоба іске асырылып (270,1 млрд.тг), 2 488 жұмыс орны ашылады деп көзделген. Биыл 1 700 жұмыс орнымен 34 жобаны іске асыру жоспарланса, жыл басынан 22 жоба іске қосылып, 935 жұмыс орны құрылды.

2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы өткен жылдан 34 мың гектарға ұлғайып, 907 мың гектарға (2024 ж. – 872,5 мың га) егілді. Астықты ору науқаны маусым айынан басталып, бүгінгі күнге 100 пайыз орылды. Бүгінгі күнге 9 мың тонна мақсары, 791 мың тонна көкөніс, 1,1 млн. тонна бақша, 234 мың тонна картоп өнімдері жиналды.

Биыл 5,2 млн тонна малазықтық дақылдарын жинау жоспарланса, қазір 4,5 млн тонна азық дайындалды (86%). Жалпы облыста жиын-терім жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруда рентабельді дақылдарға басымдық беріліп жатыр.

Бұл жұмыстар нәтижесінде Түркістан облысында ауыл шаруашылығын дамытуға арналған жаңа бағыттар мен бастамалар тиімді жүзеге асырылуда. Ауыл шаруашылығы саласының тұрақты өсуі аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өндіріс көлемінің артуы жаңа жұмыс орындарын ашуға септігін тигізіп, ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына негіз болуда.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан шаралар өңір экономикасына оң әсерін тигізіп, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға ықпал етіп отыр. Түркістан облысы, әсіресе ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен экспорттау бағытында республикада алдыңғы қатарда тұр. Бұл саладағы тұрақты даму мен инновацияларды енгізу экономиканы әртараптандыруға мүмкіндік беріп, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемін арттыру үшін агротехнологияларды жаңарту, су ресурстарын тиімді пайдалану және дақылдарды әртараптандыруға бағытталған бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл шаралар алдағы уақытта Түркістан облысының ауыл шаруашылығын халықаралық деңгейде танытып, агроөнеркәсіп кешенін дамытуда жаңа белестерге жетелейді.