Бүгін Түркістанда халықаралық «Voice of Turan – 2025» қазақ әндері фестивалінің қатысушыларымен кездесу өтті. Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев пен фестивальдің бас продюсері Мейіржан Алиакбаров шетелдік әншілерге сәт-сапар тіледі. Сонымен қатар қазылар алқасының мүшелері, талант иелері Бағлан Омаров пен Али Оқапов та қатысты. Фестивальдің қазақ өнеріне қосар үлесі зор екенін жеткізді. Биылғы ән додасына Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан, Башқұртсан, Түркия, Тыва, Португалия, Румыния, Италия, Оңтүстік Африка, Сан-Марино, Куба, Эквадор, Болгария, Тунис және Индонезия елдерінен кәсіби әншілер қатысып жатыр.