
Биыл ақын, ағартушы, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 150 жыл!
Осыған орай Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының бастамасымен, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Абай оқулары» байқауы өтті.
Байқау аясында қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңде «Өлең — сөздің патшасы сөз сарасы» номинациясы – ақынның 10 өлеңін жатқа айту.
Екінші кезеңде «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша ақынның қарасөздерін жатқа мәнерлеп оқу.
Ақтық кезеңде «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа айту, толық білу.
Байқаудың әділқазылар алқасында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап-ғылыми кітапханасының абонемент бөлім басшысы Ешманова Гүлназ, тарих ғылымдарының кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Адырбек Баян, Хамза атындағы №2 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Орынбасарова Гүлжахан болды.
Байқауға барлығы 5 кітапханашы мен 5 оқушы қатысып, нәтижесінде жүлдегерлер анықталды:
ІІІ орын иегерлері Түркістан қалалық орталық кітапхананың кітапханашысы Ғабит Замира мен оқырманы Сембай Айару,
ІІ орын иегерлері №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі Өтегенова Әсел мен оқырманы Мирзаханова Шахмонам,
І орынды №10 кітапхана-филиалының меңгерушісі Алишова Индира мен оқырманы Ерболұлы Исматулла алып, облыстық кезеңге жолдама алды.