Бүгін Түркістанға Қарақалпақстан мамлекетлик жас тамашагөйлер театры гастрольмен келді. Жұмыс сапары барысында Алишер Рахаттың «Туған күніңізбен, анашым!» драмасын сахналады. Қойылым алдында қос тарап бір-біріне құрмет көрсетіп, алғыстарын жеткізді.

Қойылымда қоғамның өзекті тұсын көрсетуге тырысады. Анасының туған күніне дайындалып жатқан ағайындылар әп-сәтте қырықпышақ болады. Қаржылай тығырыққа тірелген олар бірін-бірі балағаттап, тіпті қол жұмсауға дейін барады. Театр сахнасында өтіп жатқан көрініс бүгінде талай адамның басында бар. Қаншама отбасының басынан кешіп отырған өмірі.

Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры мен Қарақалпақстан мамлекетлик жас тамашагөйлер театры өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатты қос театрдың басшылары Арман Алиев пен Байрам Айтмұратов бекітті. Алдағы уақытта театр ұжымдары меморандум аясында бір-біріне гастрольдік сапарға бару жоспарланған. Осылайша түркі әлемінің мәдениеті мен өнерінің дамуына өз үлестерін қоспақ.