
Бүгін Түлкібас аудандық мәдениет үйінде ұрпақтар сабақтастығын дәріптей отырып үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің алғы шарттарын ұрпақ бойына қалыптастыру, жас жеткіншектердің бойына отбасының қос шынары-алатаудай атасы мен аналардың анасы-әженің адам өмірінде алатын орнын, оларға құрмет көрсету-халықтық дәстүр екендігін ұғындыру, адамгершілікке, инабаттылыққа және мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында аудандық «Ата –әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» байқауы өтті.
Мәдени іс-шарада отбасылық құндылықтар тәрбиенің қайнар көзі екендігін ұғындыратын, тәрбиелі ұрпақ- ұлт мақтанышы болатынын терең түсіндіретін сахналық көріністер қойылды.
Тәрбиелік құндылықтарға толы байқауымызға ауылдық округтер қатысып
4 шарт бойынша өнер көрсетті:
1. «Ата- әулеттің тірегі, әже-ұрпақтың жүрегі» тақырыбында сахналық көріністер қойылды.
2. Үй-жиһаздарын ұқыпты пайдалану үшін көнеден қалған құралдар жасап, оны қорғау.
3. Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерден сұрақтар қойылды.
4. Әдепті, мәдениетті, тәрбиелі қыздарға арналған ақын жазушылардың шығармаларын жатқа мәнерлеп оқу болды.
Байқаудағы қазылар алқасының шешімі бойынша:
Кемербастау ауылдық округі 1 орынды иеленді.
Пейілі кең, еңбекпен есейген, адалдықты ту еткен қасиеті биік ата, әжелеріміз аман болсын!