
«Өнерлі өрге жүзеді» — деген. Өнер — таусыламас байлық, асыл қазына. Ал, оны бойыңа дарытып, сақтай білу — үлкен әрі жауапкершілігі мол іс. Кез-келген өнер түрі арқылы халықтың мәдениетін арттырып, гүлденуіне үлес қосасың.
Қазіргі таңда өркениеті дамыған елдердің барлығында дерлік эстрадалық ән өнерінің дамуы бойында таланты бар азаматтар үшін үлкен мүмкіндік.
4 – АҚПАН Төлеби аудандық мәдениет үйінде құдіретті өнерді жанына серік еткен дарынды азаматтардың бойындағы талантын шыңдау, жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту мақсатында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Халық әртісі, әнші, композитор Ескендір Хасанғалиевтің 85 жылдығына орай аудандық «Жастар дауысы» жас эстрада әншілері байқауы өтті.
Байқауға ауылдық мәдениет ошақтарының атынан 9 үміткер қатысып, өз бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған үміткерлер жүлделі орындарға ие болып, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
І – ОРЫН – Жолсейітов Абай (Бейнеткеш ауылдық клубы),
ІІ – ОРЫН – Жақсыбай Нұрдәулет (Жамбыл ауылдық клубы),
Зиятбек Аян (Диханкөл ауылдық клубы),
ІІІ – ОРЫН Сарыбай Айнұр (Көксәйек ауылдық мәдениет үйі),
Төлбасы Балжан (Жеңіс ауылдық мәдениет үйі).