ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің «Бейбітшілік және келісім» жобасына сәйкес, Түркістан облысының этникалық топтар тығыз шоғырланған елді мекендерінде семинар өткізу жоспарланған.

Осы орайда, Келес ауданында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Абай ауылының тұрғындары арасындағы кездесу мен фокус-топтық зерттеу жұмыстары өтті.

Аталған кездесу «Қазақстан бірлік пен тұрақтылық мекені», «Қоғамдағы ішкі тұрақтылық, ауызбіршілік, этносаралық қарым-қатынастарды нығайту мәселесінде діннің алатын орны», «Әскери міндет саласындағы заңнамаларды орындау қажеттілігі» тақырыптарында өткізілуде. Сондай-ақ «Қоғамдағы этносаяси ахуал және этнос өкілдерінің қазақстандық қоғамға интеграциялануы» атты фокус-топтық зерттеу жұмыстарын қамтиды.

Жиынға Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің этносаралық қатынастар саласы мониторингі және ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Хамит Исақов, «Қоғамдық келісім» КММ-нің Келес аудандық филиалының басшысы Сәбит Назаров, облыстық дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бөлім басшысы Қайрат Салықбаев, ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Лесбек Нұртаев, ҚХА құрылымдары төрағалары мен мүшелері, ауыл ақсақалдары, этномәдени бірлестік мүшелері, ауыл тұрғындары қатысты.

Басқосу барысында жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде ой қозғалып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Сондай-ақ жиналған жұртшылық өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, жауаптар алды.