
«Жас сарбаз-2025» әскери- патриоттық сайысының биылғы жеңімпаздары анықталды. Жыл сайын дәстүрлі түрде ауған соғысы ардагерлерінің құрметіне ұйымдастырылатын сайыс биыл да тартысты өтті. Мектеп ұландарынан жасақталған жас патриоттар өр рухын, әскери дайындығын жоғары деңгейде көрсете білді.
Әскери патриоттық сайыс жеңімпаздарын марапаттауға қала әкімінің орынбасары Ерғали Қуандық мінберге шығып, жас сарбаздарды құттықтады.
Әрі қарай сайыс көркі қыза түсті. Финалдық бәсекеге Іріктеу кезеңдерінен суырылып шыққан 5 команда қайта кездесті. Жас сарбаздарды сынға алатын сайыс кезеңдері оңай емес әрине. Әуелі саптық әнмен ортаға шыққан патриоттар, АК-74 автоматты жартылай бөлшектеу және қайта жинау, сондай-ақ, жалпы әскерлік қорғаныш толымын кию сайыстарынан жеке дара сынға түсті.
Сарбаздар сыналатын сайыс шалқалап жатып денесін көтеру кезеңімен жалғасты. Бұлы жолы команданың қыз балалары ептілігін, жылдамдығын ортаға салды. Денені қос қолмен көтеруден алдына жан салмаған ұландар да намысты қолдан бермеді. Команданы өрге сүйреген ер жігіттер барын салды.
Залдағы жанкүйер қолдауы шабыт болды жастарға. Күшін көрсетіп, кір тасын жоғары көтерген сарбаздар да жеңістің сусып кетпеуі үшін шыдап бақты.
«Жас сарбаз» 2025 әскери-патриоттық сайысының жалпы қорытындысы бойынша командалық есепте алғашы үштікті С. Адамбеков мектебінің «Ер тұран» тобы мен М. Әуезов мектеп гимназиясының «Тұран» тобы қорытындылады Екінші орынға Ә. Жангелдин атындағы мектептің «Отан сақшылары тобы жайғасты, Жүлделі бірінші орынды Ж. Тәшенов атындағы мектептің «Айбын» тобы қанжығасына байласа, әскери дайындығы, алғырлығы басым түскен И. Журба атындағы мектеп оқушыларынан жасақталған «Ұлы Тұран» тобы жалпы есепте 102 ұпаймен сайыстың бас жүлдесін иемденді.
Айта кетйік, аталған әскери сайыс мақсаты егеменді еліміздің болашағы жастардың туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, әскери-патриоттық рухын жоғары көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы орайда, қаламызда 20 жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан бұл сайыс өз мақсатын орындап келеді. Биылғы жарысқа бас-аяғы 23 команда, 160-тан астам қатысушы, 25-ке тарта жетекші бақ сынады.