
«Өнерлі өлке өрендері» аудандық өнер фестивалі аясында Мақтаарал ауданы, Достық ауылдық округінің мәдениет күндері өтті.
Мырзакент кентінің орталық алаңында өткен шарада Достық ауылдық округінің талантты өнерпаздары алаңды думанды ән-күйге бөлеп, «Хассак» тобы және тағы да өзге өнерпаздары кештің көркін аша түсті. Жиылған қауым көңілді кештің куәсі болды.
Шараға қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен қолөнер туындылары, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген көріністер қойылды.
Айта кетейік, Мырзакент кентінің “Жастар гүлзары” орталық алаңында ауданның мәдениет күндері әр жұма күні жалғасатын болады. Келесі болып 20 қыркүйек күні Бірлік ауылдық округінің өнерпаздары жалғайды.