
«Өнерлі өлке өрендері» аудандық өнер фестивалі аясында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентінің орталық алаңында Атакент кентінің мәдениет күндері басталды.
Шараға қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі мен қолөнер туындылары, ауылдың жетістіктері жайлы көрмелер, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа негізделген көріністер қойылды. Сондай-ақ кентте өндірілетін өнімдерден де көрме жасалды. Кеш сағат 18:00де кент өнерпаздарының гала концерті өтті.
Айта кетейік, Мырзакент кентінің “Жастар гүлзары” орталық алаңында ауданның мәдениет күндері әр жұма күні жалғасатын болады.