Отырар аудандық Мәдениет сарайының кіші залында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Б.Пірімбетовтің қатысумен мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі қызметкерлерінің арасында кәсіподақ жиналысы өтті. Жиналысты облыстық кәсіподақ филиалының төрағасы Б.Пірімбетов пен аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов ашып беріп, жиналысты мәдениет бөлімінің басшысы С.Құттыбай жүргізіп отырды. Кәсіподақ төрағасы мәдениет саласының қызметкерлері Р.Пернебаева мен П.Әбуованы «Ел құрметі» Республикалық қоғамдық қорының «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапаттады. Көксарай ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Қ.Сырлыбаев, мәдениет бөлімінің бас маманы Б.Әбилаханова, спорт клубының маманы Қ.Бекболатовтар кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен марапатталды. Мәдениет бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметін атқарғаны үшін Н.Бөрібаевқа алғыс айтылып, мекеме қызметкері Р.Арқабайға мәдениет бөлімінің кәсіподақ комитетінің төрағасы жұмысын жандандыру үшін сәттілік тіледі.
Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Б.Пірімбетовке мәдениет бөлімінің басшысы С.Құттыбай құрмет көрсетті. Отырар аудандық мәдениет қызметкерлері атынан сөйлеген аудандық орталық кітапхана директоры А.Рыскелді алдағы уақытта облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесе жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.
Мәдениет қызметкерлерінің мерейін көтерген шара барша қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.