Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеке қабылдау кестесіне сәйкес өңір тұрғындарын қабылдады. Онда бірқатар аудан, қалалардың тұрғындары облыс әкімінің орынбасарына көкейдегі сауалдарын айтып, жауап алды. Ертай Кенжебекұлы мәселесін айтып келген түркістандықтарға нақты жауап беріп, жауапты сала басшыларына тапсырма берді. Қабылдауға басқарма басшылары, өтініш айта келген тұрғындар тұратын аудан, қаланың жауапты өкілдері де қатысты.
Азаматтар мәдениет үйінің жай-күйі, мектептің жылу жүйесі, қоғам қайраткеріне көше атауын беру және музейден арнайы бұрыш ашу секілді арыз-шағымдарын жекізді. Сондай-ақ білім және мәдениет саласына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын тыңдалды.
Қабылдауға жазылған өзге де азаматтар инфрақұрылым және тұрмыстық мәселелерді көтеріп, заң аясында нақты жауаптар ала алды. Бірқатар мәселер бойынша жауапты басшыларға тапсырмалар жүктеліп, тапсырмалар бойынша хаттама толтырылды. Заңға сәйкес қаралады.
Азаматтарды жеке қабылдау – тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық байланысты қамтамасыз ететін маңызды тетіктердің бірі. Мұндай кездесулер барысында халықтың күнделікті өмірінде туындайтын өзекті мәселелерді тікелей тыңдап, олардың шешілу жолдарын талқылауға мүмкіндік бар. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныс-пікірлері өңірдегі әлеуметтік салалар мен инфрақұрылымды дамыту бағыттарын айқындауда маңызды рөл атқарады.
Көтерілген мәселелердің қатарында білім беру және мәдениет нысандарының жағдайына қатысты өтініштердің болуы бұл салалардағы инфрақұрылымды тұрақты назарда ұстаудың қажеттігін көрсетеді. Әсіресе, мектептердің жылу жүйесін реттеу, мәдениет үйлерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту және тарихи-мәдени мұраны дәріптеу бағытындағы ұсыныстар жергілікті жерлердегі өзекті қажеттіліктерді қамтиды.
Жеке қабылдаудың нәтижелі болуы айтылған мәселелердің орындалуын бақылауға да тікелей байланысты. Осы ретте жауапты басқармалар мен жергілікті атқарушы органдарға нақты тапсырмалар жүктеліп, олардың орындалу барысын қадағалау маңызды. Әрбір өтініштің заң талаптарына сәйкес қаралуы және азаматтарға уақытылы жауап берілуі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға ықпал етеді.
Тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату халықтың мемлекеттік органдар жұмысына деген сенімін нығайтуға және қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан жеке қабылдау жұмыстарының жүйелі жүргізілуі, өтініштердің ашық әрі объективті қаралуы және көтерілген мәселелердің нақты шешімін табуы өңірді тиімді басқарудың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары жеке қабылдауды кестеге сәйкес тұрақты өткізуде. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және Азаматтарды қабылдау орталығына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.
