Астана қаласында ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білім бәсекесінде Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте Гран-при жүлдесін иеленді.
Республикалық білім додасында өңір намысын қорғаған 30 оқушының 20-сы жүлдегер атанды. Оның ішінде 6 оқушы І орын, 8 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар екі оқушы мақтау қағазымен марапатталды.
І орын иегерлері:
- Жәнібекқызы Дарина – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
- Касимова Адия – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
- Балтабай Марлен – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
- Абдугафуров Нұрдәулет – Сауран ауданы, 11-сынып.
- Нурханова Мазмуна – Сауран ауданы, 10-сынып.
- Тайыр Кәусар – Отырар ауданы, 10-сынып.
ІІ орын иегерлері:
- Ахмедов Лазизбек – Сайрам ауданы, 11-сынып.
- Улугбекова Чарос – Сайрам ауданы, 11-сынып.
- Кемелхан Нұрасыл – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
- Ким Эвелина – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
- Хикматуллаева Сабина – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
- Мубашарова Шахзода – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
- Шахапова Шахзода – Кентау қаласы, 10-сынып.
- Тажибай Арай – Жетісай ауданы, 10-сынып.
ІІІ орын иегерлері:
- Темирхан Айзере – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
- Қазбеков Қуаныш – Сауран ауданы, 11-сынып.
- Жақсылық Інжу – Шардара ауданы, 10-сынып.
- Пайзхан Мәдина – Жетісай ауданы, 11-сынып.
- Құрбанәлі Аяжан – Отырар ауданы, 10-сынып.
- Нұрбекқызы Жанерке – Созақ ауданы, 10-сынып.
Республикалық олимпиадада қол жеткізген бұл нәтиже Түркістан облысында білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың жемісін көрсетеді. Ауыл мектептерінің оқушылары арасында осындай білім додаларының ұйымдастырылуы олардың қабілетін шыңдап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар дарынды балаларды анықтау, олардың білімін тереңдету және республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларға дайындау бағытындағы жүйелі жұмыстардың маңызы зор.
Алдағы уақытта да өңірде оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуға, сапалы білім алуына және ғылыми ізденіске қызығушылығын арттыруға басымдық берілмек. Жас таланттарды қолдау, ұстаздардың тәжірибесін жетілдіру және білім беру ұйымдарының өзара тәжірибе алмасуы жаңа жетістіктерге негіз болады. Түркістандық оқушылардың республикалық олимпиададағы Гран-при жеңісі – өңірдегі білім саласының әлеуетін танытқан үлкен жетістік әрі жас ұрпаққа үлгі боларлық жарқын нәтиже.
