2026 жылғы 21 мамырда Түркістанқаласында «TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмдідамыту» атты конференция өтті. Ауқымды іс-шараны Түркістан облыстық мәслихаты мен Қазақстан мәслихаттары депутаттарыныңбірлестігі ұйымдастырды.

Бүгінде Түркістан түркі дүниесінің руханиорталығы ретінде халықаралық деңгейдегімаңызды басқосулар өтетін тарихи мекенгеайналып келеді. Жуырда қалада өткен Түркімемлекеттері ұйымының бейресми саммитіөңірдің халықаралық беделі мен руханимаңызын айқындай түсті. 

Осы сабақтастық аясындаұйымдастырылған конференция Мемлекетбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚожаАхмет Ясауи мұрасын еліміз бойынша жан-жақты дәріптеу, оны халықаралық деңгейдетаныту және Түркістанды түркі дүниесініңрухани әрі туристік орталығы ретінде дамытужөніндегі тапсырмаларын іске асырушеберінде өтті. 

Конференцияға Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары мен орынбасарлары, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық мәслихаттардың төрағалары, аудандық және қалалық мәслихаттардыңтөрағалары, құқық қорғау органдарыныңбасшылары, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, ғалымдар, сала мамандары, туристік ұйымдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріқатысты.

Конференцияны Түркістан облыстықмәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовжүргізді. 

Ол өз сөзінде Түркістанның түркі әлеміүшін тарихи әрі рухани маңызына тоқталып, Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу – ұлттыққұндылықтарды сақтау жолындағы маңыздыміндеттердің бірі екенін атап өтті.

Жиында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, «Қазақстан мәслихаттарыдепутаттарының бірлестігі» республикалыққоғамдық бірлестігінің төрағасы ТөлеубекМұқашев және Түркістан облысыныңпрокуроры Мұрат Тлеубердиев рухани мұранысақтау мен оны келер ұрпаққа жеткізудіңмаңыздылығына тоқталды.

Түркістан облысы әкімінің орынбасарыЕртай Алтаев өңірдегі туризм саласының даму барысы және алдағы жоспарлар туралыауқымды баяндама жасады. 

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралыққазақ-түрік университетінің профессоры, философия және теология ғылымдарыныңдокторы Досай Кенжетаев өз баяндамасындаҚожа Ахмет Ясауи ілімінің рухани маңызы мен оның қазіргі қоғамдағы орнына тоқталды.

Ал Халықаралық туризм жәнемеймандостық университетінің Басқарматөрағасы – ректор міндетін атқарушы БекежанМырзаев Түркістанның туристік әлеуетінарттыру, халықаралық тәжірибені енгізу жәнетуризм саласына білікті мамандар даярлаумәселелерін көтерді.

Конференция барысында Батыс Қазақстаноблыстық мәслихатының төрағасы МұратМұқаев, Жетісу облыстық мәслихатыныңтөрағасы Гүлнәр Тойлыбаева және Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы БахадырНарымбетов сөз сөйлеп, өңірлердегі туризмдідамыту тәжірибелерімен бөлісті.

Жиын қорытындысы бойыншаТүркістанның туристік әлеуетін арттыру, ҚожаАхмет Ясауи мұрасын ел арасында дәріптеубағытында бірнеше ұсыныстар қабылданды.

Конференция соңында Түркістан облыстықмәслихатының төрағасы Нұралы Әбішовқатысушыларға алғыс білдіріп, мұндаймаңызды бастамалар Түркістанның руханиорталық ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпалететінін атап өтті.

Түркістан облыстық мәслихаты