Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі Шілік ауыл округінде жалғасын тапты. Кездесуде аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың барысына тоқталған аудан басшысы ауыл округі бойынша жүзеге асқан жобаларға тоқталды.

Шілік ауыл округінде жыл басынан бері бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, жергілікті бюджет есібінен «Ардагерлер» көшесін жарықтандыру, Жанәділ Жұмабай көшесіне тас төсеу жұмыстары атқарылса, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында 650 метр болатын Адырбек көшесін, Жаңа Шілік елді мекенінде ұзындығы 1200 метр болатын №4 көшесін жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар, Ескі Шілік елді мекенінде ауыз су жүйелерін жаңарту жұмыстары атқарылса, Жаңа Шілік елді мекенінде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүруде. Ескі Шілік елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасының құрылысы жүргізілі, М.Шаханов мектебін ағымдағы жөндеу жұмыстары атқарылған.

Ауыл округінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал ұрлығы секілді қылмыстардың алдын алу мақсатында 5 дана бақылау бейнекамералары орнатылып, іске қосылды.

Жиында ауыл тұрғындарының жолдарды жөндеу, ауыз су, каналдарды тазалау, жұмыссыздық мәселелері бойынша қоуған сауалдарына тиісті бөлімдер мен сала орынбасарлары жауап берді. Бірқатар мәселелер заңдылығына қарай тиісті кезеңде шешімін табатыны түсіндірілді. Кездесу соңына ауыл қариялары аудан көлемінде атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ризашылығын білдірді.