Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілхановпен кездесу өтті. Жиынды Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізіп, Ассамблея этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында сындарлы саясат жүргізе алатын тиімді ұйым ретінде танылғанын атап өтті. Ол Мемлекет басшысы биылғы ҚХА-ның ХХХІV (34) сессиясында ел ішіндегі этносаралық тұрақтылықты ұлттық байлық ретінде бағалап, Қазақстанның дамуына ықпал етіп отырғанын баса айтты. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық этностарды қазақ халқының төңірегіне топтастырып, татулық пен достық, бірлік пен ынтымақты сақтауда өз міндетін толығымен атқарып келе жатқанын айтып, этнос өкілдері тығыз орналасқан көршілес елді мекендерде тұрғындарымен бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған бірқатар әлеуметтік, мәдени жобалар сәтті жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.

Келелі кеңеске «Ел бірлігі» депутаттық тобының мүшелері, облыстық ҚХА мүшелері, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер жетекшілері қатысты.

Басқосуда сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚХА-ның ХХХІV (34) сессиясында жүктелген мақсат-міндеттерге тоқталып, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты сақтау бағытындағы жұмыстардың маңызын атап өтті.

Кездесу барысында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры, ҚХА мүшесі Жанар Темірбекова, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі жанындағы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Зуппархан Чалданов, облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы Рамиля Мустафаева сөз сөйлеп, облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жалпы ахуал, медиация және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына жастардың қосқан үлесі жайында мазмұнды баяндама жасады.

Бұдан соң жиынға қатысушылар өзара пікір алмасып, келелі ойларын ортаға салды.

Шара соңында бірқатар азаматтар «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Бұл кездесудің нәтижесінде, Түркістан облысында этносаралық келісім мен бірлікті нығайту үшін жаңа қадамдар жасалатындығы айқын болды. Әсіресе, мәдениетаралық диалогтың маңыздылығы ерекше атап өтілді. Түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне деген құрметі мен түсіністік деңгейін арттыру мақсатында алдағы уақытта жаңа әлеуметтік бағдарламалар мен жобалар іске қосылмақ. Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру арқылы Қазақстанның барлық аймақтарында ұлттық тұтастықты сақтау әрі жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру көзделуде. Сонымен қатар, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайтуға бағытталған жобалардың сәтті жүзеге асырылуы Түркістан облысындағы өзара түсіністік пен достық атмосферасын одан әрі күшейтуге ықпал ететін болады.

Келесі қадам — этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың рөлін күшейту. Бұл ұйымдардың мемлекетпен тығыз байланысы, әсіресе халықтың әр түрлі топтарының мүдделерін қорғау және олардың тілдік, мәдени ерекшеліктерін құрметтеу тұрғысынан аса маңызды. ҚХА-ның жұмысы этносаралық татулықты сақтау мен қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоспарлар мен жаңа бастамаларды ұсынуға негіз болады. Еліміздегі әрбір азаматқа қатысты тең құқықтар мен мүмкіндік беру, оның ішінде жастарға білім беру және жұмысқа орналастыру мәселелері басты назарда.