«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Ақтау қаласында 4-9 қазан күндері алғаш рет «TurkicSkills-2025» халықаралық чемпионаты өтті. Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Венгрия, Түркия, Әзірбайжан елдерінен 70-ке жуық техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері қатысты. Бұл чемпионат жастардың кәсіби шеберліктерін шыңдап, олардың халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретін маңызды алаң болды.

Шара аясында Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен «Caspian» фестивалі, білім беруді трансформациялау бағытында семинарлар мен тренингтер өткізілді. Чемпионаттың бірінші күні «WorldSkills International» ұйымының стратегиялық даму жөніндегі кеңес мүшесі Рей Инглиш қатысты. Оның айтуынша, осындай іс-шаралар жастардың жұмыс нарығына бейімделуіне ықпал етеді және заманауи білім беру жүйесінің жаңа трендтерімен таныстыруға септігін тигізеді. Іс-шара барысында әр өңірден келген ұйымдар мен кәсіпорындар арасында серіктестік қалыптасып, халықаралық меморандумдар түзілді. Бұл меморандумдар, өз кезегінде, инновациялық білім беру әдістерін енгізу, тәжірибе алмасу және студенттердің кәсіби даму мүмкіндіктерін арттыру мақсатында маңызды рөл атқарады.

Атап айтқанда, Кентау көпсалалы колледжі, 14 колледж, 17 колледж, Кәсіптік оқудағы көпсалалы колледжі, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледждері әріптестік меморандумдарға қол қойды. Бұл колледждер арасында құзыретті мамандарды даярлау және жас мамандардың әлеуетін дамыту бағытында бірқатар нақты қадамдар жасалады. «TurkicSkills» чемпионаты жастардың кәсіби дамуына жол ашып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етуде.

Бұл халықаралық чемпионаттың маңызы тек қатысушы елдер арасында кәсіби білімді арттыруда ғана емес, сонымен қатар, жастардың жұмысшы мамандықтары мен кәсіптік білімге деген көзқарасын өзгертуге бағытталған. Жарысқа қатысушылар өздерінің жоғары деңгейдегі шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасып, болашақ мамандықтары бойынша жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Сонымен қатар, осындай іс-шаралар жастардың құзыреттілік деңгейін арттыруға және халықаралық нарықта өз орнын табуына мүмкіндік береді.

Бұл чемпионаттың болашақтағы ықпалы айтарлықтай болады. Әріптестік меморандумдардың арқасында қазақстандық колледждер мен оқу орындары әлемдік білім беру кеңістігіне қосылып, халықаралық білім беру тәжірибелерін енгізу арқылы өз студенттерін халықаралық стандарттарға сай мамандар етіп тәрбиелей алады. Осылайша, «TurkicSkills» чемпионаты білім беру жүйесінде жаңа серпін мен жаңа мүмкіндіктер туғызып, жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтеді.