
Түркістан облысы әкімдігінің «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді. Бұл жолы азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев өзі жетекшілік ететін салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселелерін тыңдады.
Қабылдауға келген жергілікті тұрғындар спорт, қоғамдық даму саласы мен өзге де тақырыптарға байланысты мәселелер көтерілді. Оның ішінде пара спортшыларға қолдау көрсету, қоғамдық шараларды ұйымдастыру бағыттарының маңыздылығы сөз болып, ұсыныстар талқыланды. Сонымен қатар бір тұрғын қоғамдық бірлестік атынан әкімдік тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.
Қабылдауға тиісті басқарма басшылары, жауапты мамандар қатысып, туындаған мәселенің оңтайлы шешуіне атсалысты.
Ертай Кенжебекұлы жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселесін сала мамандарымен бірге қарап, заң аясында әрекет ету туралы нақты тапсырмалар берді. Сұрақтар жан-жақты қаралып, заңдылығына қарай шешіледі.
Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев тұрғындармен кездесу барысында әрбір мәселенің назардан тыс қалмайтындығын атап өтті. Әсіресе, пара спортшыларға қолдау көрсету мен қоғамдық шаралар ұйымдастыру мәселелері өңір тұрғындары үшін маңызды екені айқындалды. Ертай Кенжебекұлы өз кезегінде осы салалардағы жұмыстарды күшейтуді, түрлі әлеуметтік шараларды әрі қарай дамытуды тапсырды. Ол, сонымен қатар, қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттырып, өзара қолдау көрсету механизмдерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлетінін айтты.
Бұл қабылдау кездесулері азаматтардың мәселелерін жергілікті билікке жеткізу және шешім қабылдаудың тиімді жолдарын қарастыру үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Жұртшылықтың сұрақтары мен ұсыныстары жиі назарға алынып, нақты шешімдер қабылданады. Мұндай кездесулер, әсіресе, қоғамдық бірлестіктер мен әлеуметтік салада қызмет атқаратын ұйымдар үшін өте маңызды, өйткені олар осы кездесулер арқылы өздерінің жұмыстарын әрі қарай жетілдіруге қажетті ұсыныстар мен қолдауларды ала алады.
