
Түркістан қаласында тұрғындардың қауіпсіздігі мен қолайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету мақсатында көше жарықтандыру жүйесіне ерекше көңіл бөлінуде.
Қазіргі таңда қала аумағында 37 302 жарықтандыру нүктесі жұмыс істейді. Оның ішінде ішкі орам көшелерге арнайы орнатылған 450 шам бар. Барлық жарықшамдары заманауи энергия үнемдейтін жүйелермен жабдықталған.
Жарықтандыру жұмыстары тәуліктің нақты уақытына сәйкес автоматты түрде реттеледі. Көшелердегі шамдар кешкі 18:20-да қосылып, таңғы 05:00-де сөндіріледі. Бұл тұрғындардың түнгі уақытта қауіпсіз қозғалуына, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен қала келбетінің жақсаруына ықпал етеді.
Қала көшелерінің жарықтандырылуы – Түркістанның инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Заманауи қуат үнемдейтін шамдар орнату арқылы тұрғындардың қауіпсіздігі мен өмір сүру сапасы арттырылды. Бұл шаралар тек қана қаланың сыртқы келбетін жақсартуға емес, сонымен қатар экологиялық таза әрі тиімді энергия қолдануды қамтамасыз етуге де септігін тигізуде.
Жарықтандыру жүйесінің автоматтандырылуы көше шамдарының қажетті уақытта қосылып, сөнуі арқылы энергия үнемдеуді қамтамасыз етеді. Әрбір жарық нүктесі қала тұрғындарының қауіпсіз қозғалуына мүмкіндік беріп, қоғамдық тәртіптің сақталуына ықпал етеді.
Алдағы уақытта қаладағы жарықтандыру желілерінің жаңартылуы мен қосымша жарық нүктелерінің орнатылуы Түркістанның инфрақұрылымын одан әрі жетілдіріп, қала өмірін тиімді әрі жайлы етуге бағытталатын болады.
