Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.

Комиссия отырысына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы комиссияның мүшелері мен құзырлы органдардың басшылары, тиісті департаменттердің басшылары және аудан, қала әкімдері қатысты.

Комиссияның белгіленген жұмыс жоспарына сәйкес, күн тәртібінде «Оңалту жұмыстарының барысы», «Қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі терроризм және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарының нәтижесі», «Келес ауданы, Біртілек ауылдық округінің Шұқырсай елдімекеніне қатысты мәселелер», «2025 жылдың ІІІ-ші тосанында ТҚК қызметі саласындағы орындаушылық тәртіп туралы» мәселелер талқыланып, баяндамалар мен сын-пікірлер тыңдалды. Мәжіліс соңында, сала басшылары мен аудан, қала әкімдеріне тапсырмалар берілді.

Айта кететін жәйт, биыл облыс әкімінің төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының 3 отырысы және облыстық ТҚК аппараты жанындағы жұмыс тобының 19 мәжілісі өткізілді. Сондай-ақ облыстық деңгейде 3 семинар және «Терроризмге жол жоқ!» атты акция ұйымдастырылған.

Түркістан облысындағы терроризмге қарсы комиссия отырысының маңызды тақырыптарының бірі – экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын күшейту және бұл бағытта атқарылған шараларды талқылау болды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатысуымен өткен жиында өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірқатар мәселелер қаралды. Оңалту жұмыстары мен қылмыстық атқару жүйесіндегі профилактикалық шаралар туралы нақты ұсыныстар айтылып, діни экстремизмнің алдын алу үшін қабылданған қадамдар қарастырылды. Бұл мәселелердің аймақтың әлеуметтік және қауіпсіздік ахуалында маңызды орын алатыны айқын.

Сонымен қатар, жергілікті әкімдер мен құзырлы органдар тарапынан осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері мен алдағы жоспарлары талқыланды. Түркістан облысындағы «Терроризмге жол жоқ!» атты акция және семинарлар осы саладағы азаматтық қоғамның белсенділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Бұл жұмыстарды жалғастыру арқылы облыс аумағындағы экстремизм мен радикализмнің таралуына тосқауыл қою және жастардың осы бағыттағы қауіпті идеологияларға тартылуын болдырмау көзделуде. Комиссияның жүйелі жұмыстары мен мұндай шаралардың тұрақты түрде ұйымдастырылуы аймақтың қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтауға маңызды үлес қосады.