
Астана күніне орай Сайрам ауданының орталығындағы Ынтымақ аллеясында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Құрманбек Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары елорда мерекесіне орайластырылған мәдени бағдарлама аясында тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Концерт барысында патриоттық рухтағы әндер мен ұлттық нақыштағы музыкалық туындылар орындалып, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Мерекелік кеш көрермендердің зор ықыласына ие болып, Астана күніне арналған шараның мазмұнын арттыра түсті.