Ұлттық домбыра күніне орай Шардара ауданында рухани-мәдени мазмұнға толы іс-шара ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет сарайының алаңында өткен «Домбыра тарту» атты мерекелік жиын — қазақтың төл өнеріне, күй құдіретіне тағзым ретінде өткізілді.

Іс-шара барысында күй шертіліп, ұлттық аспаптың үнімен өрілген думанды жиын көрермен көңілінен шығып, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікті арттырды.

Шараның мақсаты — ата-бабадан жеткен аманат домбыраны ұлықтау, жас ұрпақ бойына ұлттық өнерге деген құрмет пен мақтаныш сезімін сіңіру.