
Ұлттық Домбыра күніне орай Бәйдібек ауданында салтанатты шеру ұйымдастырылды. Шараға аудан өнерпаздары мен жас орындаушылар қатысып, ұлттық өнерімізді дәріптейтін ән, күй және термелерді орындады.
Шерудің басты мақсаты – ұлттық мұраны ұлықтау, өскелең ұрпақтың рухани санасын жаңғырту, сондай-ақ домбыра сынды төл өнеріміздің қадір-қасиетін арттыру болып табылады.
Шара барысында қатысушылар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, халқымыздың мәдени бай мұрасын кеңінен насихаттады. Мерекелік жиын аудан тұрғындарының ерекше ықыласына бөленіп, ұлттық рухты асқақтатқан тағылымды іс-шаралардың біріне айналды.